Зеренді ауданында – жаңа әкім

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Зеренді аудандық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясына қатысты. Сессияда облыс әкімінің ұсынысы бойынша Зеренді ауданының әкімі лауазымына Мереке Мұстафинді тағайындауға депутаттардың келісім беруі туралы мәселе қаралды. Сессияда сөз сөйлеген облыс әкімі аудандық мәслихат депутаттарына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Мереке Қайсарұлы Мұстафиннің кандидатурасын ұсынып, қолдауын сұрады. Сессияда депутаттардың толық келісімін алған соң облыс әкімі М.К.Мырзалин Зеренді ауданының әкімдігіне Мереке Мұстафинді тағайындап, таныстырды.

Бұдан кейін аудан активіне ауданның жаңа әкімі таныстырылды. Сонымен қатар, облыс әкімі ауданның бұрынғы əкімі Асқар Мұратұлының Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметіне тағайындалғанын да атап өтті. Активте сөз ауданның бұрынғы әкімі Асқар Мұратұлына беріліп, ол депутаттар мен аудан әкімі аппаратына үш жылдан астам уақыт бірлесіп, қоян-қолтық жұмыс істегендері үшін алғысын айтты. Активте сөз сөйлеген өңірлік кәсiпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтанов ауданның бұрынғы әкімінің өз іскерлігімен өңірде жақсы із қалдырғандығын атап көрсетіп, атқарған жемісті қызметі үшін зеренділіктер атынан алғысын айтты, сондай-ақ, жаңа әкімге атқарылған игі істерді одан әрі жалғастыруына тілектестігін білдірді.
Бұдан кейін сөз алған Мереке Мұстафин өзіне жоғары сенім көрсеткені үшін облыс әкімі мен депутаттарға ризашылық сезімін білдірді және ауданның дамып, өркендеуі үшін қолға алынған игі істердің алда да лайықты жалғасын табатынына сендірді.
Активте облыс әкімі Мәлік Мырзалин қорытынды сөз сөйлеп, депутаттарға жаңа әкімді тағайындауға бірауыздан өз келісімдерін бергендері үшін алғысын айтты және өңірдің ойдағыдай дамуы үшін барлық мүмкіндіктердің бар екендігіне тоқталды.
– Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм салалары қатар дамыған ауданда резервтер аз емес. Өкінішке орай, осы мүмкіндіктерді толық пайдаланып жатқан жоқпыз. Сондықтан, бұл істердің бәрін іскерлікпен жүзеге асыруды жаңа басшылыққа міндет етіп жүктеймін, – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, актив соңында облыс әкімі Мәлік Мырзалин ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, алға қойылған міндеттерді шешу үшін жаңа әкім мен аудан активінің тығыз байланыста жұмыс істеу қажеттігін атап көрсетіп, жаңа басшыға қызметінде сәттілік тіледі.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар