Дарабоз дарын

 Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында атақты қаламгер Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай, «Батыр жазушы» атты әдеби кеш болып өтті.

  Алдымен, әдеби кеш «Қазақ тарихын зерделеген ұлы жазушы» тақырыбындағы көрмемен бастау алды. Көрмеге жазушының әр жылдары жарық көрген кітаптары қойылған.
Кеш барысында  оқушылар мен студенттердің назарына қазақ халқының сан ғасырлық тарихын көркем тілмен бейнелеп, қазақ елінің әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм ұсынылды.
Ал, көргені мен көңілге түйгені мол қарт журналист Жұмабай Есекеев жастарға жазушы жайлы сыр шертсе, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Аманжол Есмағұлов жазушының еңбектеріне кеңінен тоқталды. Ол «Көшпенділер» трилогиясы – құнды шығарма екенін  айтып, жастарға тарихи тақырыптарда жазылған дүниелерді көбірек оқуға кеңес берді. Өйткені, тарих ол біздің өткеніміз, ал өткеннен тағылым алу бүгінгі өскелең ұрпақтың міндеті.
Әдеби кеш барысында облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Әбсалық Салық «Гәкку» әнін орындап, қиялыңды тербесе, «Көшпенділер» фильмінен көрсетілген үзінді жастарға  жігер берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар