«Қазақстан-2050» Демократиялық күштері жалпыұлттық коалициясының ҮНДЕУІ

 Қадірлі отандастар!
Еліміздегі беделді де өкілетті диалогтық алаң ретінде «Қазақстан-2050» Демократиялық күштерінің жалпыұлттық коалициясы түрлі көзқарас пен ұстанымдағы жетекші қоғамдық-саяси күштердің ашық әрі салиқалы пікірталасы арқылы барлық әлеуметтік топтардың мүддесін қамтамасыз етеді.
Коалиция Елбасының Мемлекеттік бағытын жүзеге асыруға өзіндік үлес қоса отырып, қоғамды топтастырып, ондағы өзара сенімді нығайтады.
Бүгін, Коалиция талқылау нәтижесінде 2015 жылы президенттік сайлау өткізу жөніндегі бастаманы бірауыздан қолдады. Бұл – еліміз үшін тарихи сәт.
Күрделі халықаралық жағдай мен әлемдік экономикадағы ахуалға байланысты аталған мәселе өткен жылдан бері қоғамды толғандырып келеді. Көпшілік сайлауды дәл 2015 жылы өткізуді тұрақтылық пен тыныштықтың факторы деп есептейді.
Конституциялық мәртебеге ие Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамның пікірін басшылыққа ала келе, өзінің 20 жылдығында осындай уақытылы әрі маңызды бастама көтерді.
Сондықтан да, сарапшылық қауымдастық, қоғамдық және саяси ұйымдар, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері бұл бастаманы кеңінен қолдауда.
Елбасының стратегиялық көрегендігінің арқасында елімізде жете есептелген, нақты істер жоспары бар. Ол – «Нұрлы Жол» бағдарламасы. Бұл тек қиындықтарды еңсерудің ғана емес, еліміздің ұзақмерзімдік дамуының, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуына жағдай жасаудың жоспары.
Бұл – жүз мыңдаған жұмыс орындарының, жаңа өндірістің ашылуы, инфрақұрылымның жаңғыртылуы, миллиондаған шаршы метр тұрғын үй салу, тұрғындар алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуы.
Әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында пәрменді де батыл, ұтқыр іс-қимылдар қажет. Дәл биылғы жылы президенттік сайлау өткізу осыған қажетті жағдай туғызып, мемлекет пен қоғамды «Нұрлы Жол» бағдарламасын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мен Мәңгілік Ел идеясын табандылықпен іске асыруға жұмылдырады.
Тәуелсіздігіміздің ең қиын жылдарында сайлау қоғамды топтастырудың құралы, азаматтарды бірлікке, келісімге бастаудың, саяси тұрақтылық пен қалыпты дамуға жұмылдырудың  механизмі болып қызмет етті.
Біз ел тағдырына бейжай қарамайтын барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын 2015 жылы өткізу бастамасын қолдауға шақырамыз.

 

«Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның Коммунистік халық партия-сы, «Бірлік» партиясы, Қазақстанның Патриоттар партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясы, Кәсіпкерлердің «Атамекен» Ұлттық палатасы, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы, «Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Болашақ» қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстанның кәсіпкерлер форумы, Мүгедектердің «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Қарулы Күштер ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Қарулы Күштер ардагерлері» Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымдарының ассоциациясы, Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясы, «Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық Лигасы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жасыл» экономика мен G-GLOBAL дамыту үшін коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан Жазушылар одағы, Кәсіпкер әйелдер одағы, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан украиндарының радасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы.

2015 жылғы 17 ақпан, Астана қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар