Парламент Сенаты Мемлекет басшысынан Президент сайлауын тағайындауды сұрады

Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысын қарап, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Үндеу жолдады.

  Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
 Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 2015 жылғы 14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастаманы толығымен қолдайды.
 Уақыт талабынан туындап отырған бастама барша халықтың қызу қолдауына ие болып, қазақстандық қоғамда оң пікірлер туғызуда.
 Халықаралық ахуал шиеленіскен, әлемде қақтығысты жағдайлар туындаған және жаһандық экономикадағы дағдарыстық құбылулар орын алып отырған уақытта ішкі саяси тұрақтылық қамтамасыз етіліп, әлемнің ең дамыған елдерінің тобына кіру мақсатында Сіздің «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегияңызды, «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасын және «Нұрлы жол» бағдарламасын табысты іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс.
 Сіздің дана әрі мықты көшбасшылығыңыздың арқасында Қазақстан халқы еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы барлық қиындықтарды абыроймен еңсере білді. Сіз тәуелсіздік жылдарында дамыған нарықтық экономикасы, халықаралық қоғамдастықтағы беделді ұстанымдары бар табысты мемлекет құра білдіңіз.
 Сондықтан да, қазақстандықтардың бүгінгі таңдағы барлық жетістіктерін: тұрақты экономикалық өсуді, демократияның дамуын, ұлтаралық келісім мен әлеуметтік игілігін Сіздің есіміңізбен байланыстыруы заңды.
 Қазақстан дамудың жаңа сатысына аяқ басуда.
 Осы орайда, белгіленген реформаларды одан әрі жүргізуге бағытталған Сіздің бағдарыңызды табыс-ты жүзеге асырудың сөзсіз шарты болып табылатын тұрақтылықтың маңызы зор.
 Біз, Парламент Сенатының депутаттары, Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу елімізде бейбітшілікті, бірлік пен келісімді нығайтуға ықпал ететіндігіне сенімдіміз.
 Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізден Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің бастамасын қолдап, Президенттің кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы мәселені қарастыруыңызды сұраймыз.
 
2015 жылғы 19 ақпан, Астана қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар