Қазақтың ұл-қыздары қайда?!.

Осыдан бірер күн бұрын Испанияның Гранада қаласында ХХVІІ бүкіл дүниежүзілік қысқы Универсиада салтанатты жағдайда өз мәресіне жетті.

  Ресей құрамасы жалпы-командалық есепте күні бұрын Универсиада-2015-тің жеңімпазы атанған болатын. Қазақстан ұлттық құрамасы  алдына Оңтүстік Корея спортшыларын жіберіп алып, үшінші орынға табан тіреді. Біздің  құраманың медальдар жиынтығы 5 алтын, 6 күміс, барлығы 11 медаль.
Қазақстандықтар үшін әсіресе, Универсиаданың Словакия жерінде өткен бөлігі жақсы нәтижелер әкелді. Алтын медальдардың бәрі команда қоржынына сол тұста салынды. Оны биатлоннан жерлесіміз Алина Райкова әкелсе, шаңғыдан Анастасия Слонова (екі мәрте), фристайлдан Юлия Галышева және Павел Колмаков әкелді. Күміс медальдардың бәріне шаңғы мен фристайлдан және шайбалы хоккейден қол жетті.
Ақтық сында біздің хоккей-шілеріміз Ресей құрамасына 3:1 есебімен есе жіберіп, 2013 жылы Италияның Трентино қаласында өткен Универсиада кезіндегі жетістігін қайталады. Өкінішке орай, шаңғы мен биатлон спортында алтын мен күмістен алқа таққан отандастарымыздың арасынан өзіміздің жергілікті ұлт өкілдерін көре алмай, тағы да пүшәймән болдық. Бұл – қысқы спорт түрлері-нің қазақ ұл-қыздарының қолынан келмей тұрғанының тағы бір көрінісі болса керек.     
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар