Дерек пен дәйек

Демографиялық ахуал

2015 жылдың 1 қаңтарында  облыс халқының саны 736528 адам болды. Соның ішінде қалалық жерде 347303 адам, ауылдық жерде 389225 адам тіркелді.
2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыс бойынша 12870 сәби дүниеге келіп, бұл көрсеткіш 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға төмен болды.
Сондай-ақ, осы кезеңде 7491 адам дүниеден өтті. Табиғи өсім – 5379 адам. 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында табиғи өсім бұдан аз, яғни, 4901 адам болған.

Жоғары кәсіби білім

Биыл облыс аумағындағы 6 жоғары  оқу  орнында  барлығы 10289 студент білім  алуда. Оның 50,8 пайызы қыздар. Үш жоғары  оқу  орны – жекеменшікте.
Жалпы, студенттердің 54,4 пайызы мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқиды.
Мемлекеттік білім беру гранты есебінен оқитын студенттер саны 13,6 пайыз, ал, мемлекеттік білім беру тапсырысы бо-йынша оқитындар 13,7 пайыз. Студенттердің 72,7 пайызы ақы төлеп оқиды. Қазақ тілінде оқитын студенттер саны бүгінгі таңда  43,8 пайызға тең.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар