Сый- құрметке лайықты жан

Кеше облыс әкімі М.К. Мырзалиннің тапсырмасымен әкімнің орынбасары А.Е. Мысырәлімова бар саналы ғұмырын өз еліне адал қызмет етуге арнаған қоғам қайраткері Зура Құлмырзақызы Шуатаеваны үйіне барып құттықтап, өңір басшысының құттықтау хаты мен сыйлығын табыс етті. Біз төменде облыс әкімінің құттықтау хатын жариялап отырмыз.

Құрметті Зура Құлмырзақызы!
Сізді атаулы мерекеңіз – туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздің еңбек жолыңыз жалынды комсомолдағы, кейін партия жүйесі мен атқарушы билік органдарындағы еселі еңбегіңізбен, зейнеткерлік демалысқа шыққан кезеңдегі белсенді азаматтық ұстанымыңызбен сипатталады. Осы жылдар – сіздің өмірбаяныңыздың жарқын беттері. Бұл туған еліне, өз халқына адал қызмет етудің үлгісі болып табылатын нағыз тұлғаның өмірі.
Ақмолалықтар сіздің әр іске мемлекеттік тұрғыдан қарау, жоғары жауапкершілік, тамаша іскерлік және ұйымдастырушылық, адамдармен қарым-қатынаста қарапайымдылықпен қатар талап қоя білу сияқты қасиеттеріңізді жоғары бағалап, сізді халық депутаттарының қалалық және облыстық кеңестеріне депутат етіп сайлау, «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атағын беру кезінде қолдады.
Сіздің еселі еңбегіңіз жоғары бағаланып, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталдыңыз.
Қазіргі уақытта құрметті демалыста жүрсеңіз де сіз әлі қайратты, тың, өзіңізге сенімдісіз. Сіз өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысасыз және «Нұр Отан» партиясының ең белсенді мүшелерінің бірі болып табыласыз. Мұқтаж адамдарға қолыңыздан келген көмекті көрсетіп, осы істе өзіңізге көмекшілер таба білесіз.
Сіздің тағдырыңыз бен өмірге көзқарасыңыз сый-құрметке және жас ұрпаққа үлгі тұтуға лайық.
Бүгінгі мерейлі күні, құрметті Зура Құлмырзақызы, сізге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй және отбасыңызға береке-бірлік тілеймін. Әрқашан туған-туыстарыңыз бен достарыңыздың, балаларыңыздың ортасында бақытқа бөлене беріңіз!

 

Ізгі ниетпен,
Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин.

Көкшетау, 2017 жыл.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар