Ұрпақтар сабақтастығы – ұлағатты іс

 «Нұр Отан» партиясы отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыруда. Оның аясында отбасының психологиялық саулығын сақтауға бағытталған оңалту жұмыстары жүргізіледі.

  Осы орайда, өзгелерге үлгі бола алатын Қараөзек ауылының тұрғыны Хабылхан Бәкейдің отбасын айтуға болады. Хабылхан ақсақал Моңғолия елінде дүниге келген. Ол жастайынан аяқ киім фабрикасында еңбек етумен қатар, қыран құс ұстап, ат баптап, аламан бәйгелерде талай тұлпардың бағын ашқан атбегі. Еңбегі еленіп бірсыдырғы мақтау қағаздары және дипломдармен марапатталыпты. Қазір қартайса да,  текті жылқыны бірден таниды екен. Бүгінде қария бес баласынан он сегіз немере мен бір шөбере сүйіп отырған бақытты жан.
Ұлы Елеш Хабылхан да өнерден кенде емес. Ол облысқа танымал айтыскер ақын, әнші, термеші. Өнер жолында ерінбей еңбек етіп көптеген шәкірттерді тәрбиелеп, ел алғысына бөленіп жүр. Елештің жары Алдан Магзумда балаларды білім нәрімен сусындатып отырған ұлағатты ұстаз. Оның шәкірттері байқауларда жүлделі орындарды иеленіп,ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткіштерге жетуде. Алдан мектепте ұстаздық етумен бірге, тәрбие ісін ерекше назарға алып, жұмысынан нәтиже шығара білген ұстаз. Сонымен қатар, ән айтып, гитара, домбыра сынды музыкалық аспаптарда шебер ойнайды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар