Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өңірге жұмыс сапары шеңберінде Аршалы ауданындағы бірқатар медициналық мекемелерде болып, дәрігер мамандармен кездесті.

Сапар аясында министр Аршалы аудандық ауруханасы жəне Жалтыркөл ауылындағы медициналық пунктінің жұмыстарымен танысты. Медициналық нысанның техникалық жабдықталуын бақылап, дəрігерлер мен науқастардың жағдайын сұрап білді. Министрдің қатысуымен өткен жиында денсаулық сақтау мекемелерін кəсіби мамандармен қамтамасыз ету, сондай-ақ, кешенді медициналық ақпараттық жүйені енгізу мәселелері сөз болды. Аудандық аурухананың бас дəрігері Сəндібек Сембиевтің сөзіне қарағанда, емдеу мекемесінде 46 дәрігер мен 232 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Білікті мамандар тапшылығын шешу мақсатында аурухана әкімшілігі мектеп бітірушілермен медициналық мамандықтарды таңдау жөнінде ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізіп отырады. Кездесуде министр Елжан Біртанов науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсету мəселесі аурухана басшылығының ұдайы назарында болуы қажеттігін баса айтты. Оған қоса, медициналық мекемелерді қағазбастылықтан арылту бағыттарында нақты міндеттерді жүктеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар