ҚОС “МАКИНКА” атауы ҚАЖЕТ ПЕ?..

Қарап тұрып шатасатынымызға жергілікті тұрғындардың «еті өліп кеткен». Бірақ, келіп-кетімді ел емеспіз бе, ескере қоймайтын жайлардан ескертпе алып жататын жағдайлар болады. Мұны ел атауына, нақтылай түссек, Макинкаға қаратып айтып отырмыз.

Бұл мәселе «Астана-Бурабай» бағытындағы тұңғыш автобан пайдалануға берілгелі өзекті сипат алуда. Зулап келе жатқан жолаушы Қоғамнан аса беріп бірінші Макинкаға тап болады, сәлден кейін алдыңыздан тағы бір Макинка қылаң береді. Қонақтарды былай қойып, өзіміз де «апыр-ау, бұл ауылдан жаңа ғана өтіп кетіп едік қой» деп аңтарылып қалатынымыз бар. Әсіресе, жаңа астаналықтар, қазақ мәдениетінің тарихи маржаны тізбеленген, табиғаты тамылжыған Бурабайды көруге таңсық жұртшылық қандай ойда болады десеңізші.
Бұл ауылдардың атауы ертеректе қалай пайда болғаны көзі қарақтыға түсінікті деп ойлаймыз. Жергілікті халық тілі келмегендіктен кезінде «Мәтен» деп атап жүрді (төңіректе Мәтен дейтін қайраткердің болмағаны белгілі). Қазір ескі көздер болмаса, бертінгі ұрпақ Мәтен
ауылы деп атамайды, Макинка дейді. Кейбіріміз нақтылай түсу үшін «ескі Макинка», «жаңа Макинка» дегенді шығардық. Біз осы екеуінің де атауы ескірген демей-ақ қоялық. Бірақ, бәрібір бұл қосарланған атаулар Тәуелсіз елдің сұраныстарына жауап бере алмайтыны анық. Біреуі ауыл, екіншісі қала болғанның өзінде.
Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» бағдарламасы жарияланғалы да біршама уақыт өтті. «Рухани жаңғыруымыз» екпін алып келеді. Бұл жолымызда кедір-бұдырлар болмауға тиісті. Бола қалғанның өзінде оны өзгертетін, бір ізге түсіріп, тәртіптейтін күн туды. Қазіргі түйсік осыны айтады.

Бақберген Амалбеков.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар