Сенім

«Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының кезектен тыс ХХІ конференциясында облыстық мәслихатқа №13 Көкшетау сайлау округінен кандидат ұсыну мәселесі қаралды.

Конференция жұмысына облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысты. Онда сөз алған облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов таңдаушылар жиналысы мен Саяси кеңес бюросы қорытындылары жайлы хабарлама жасады. Осыдан кейін Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Боранбай Бегалин  аталған сайлау округі бойынша  «Нұр Отан» партиясынан №1 үміткер болып ұсынылған кандидат Рамазан Байзоллаұлы Айғайбековты қолдап, сөз сөйледі.
Конференция делегаттары жоғарыда аталған кандидатқа бір ауыздан дауыс беріп, қолдау білдірді. Осылайша облыстық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына  өтетін сайлауда «Нұр Отан»
партиясы атынан «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ Ақмола теміржол бөлімшесі филиалының директоры Рамазан Байзоллаұлы Айғайбеков №1 кандидат болып ұсынылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар