Қыста нағыз шаңғы тебетін өңір

осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып жүрміз бе?!.

 Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық ішкі саясат басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қопа көлінде «Қыс-2015» атты шаңғы фестивалі болып өтті.

  Жеңіс жолында құрбан болған ата-баба ерлігін дәріптеу, сондай-ақ, тұрғындарды спорттық іс-шараларға тарту, салауатты өмір салтын, қысқы спорт түрлерін насихаттау мақсатында өткен шаңғы жарысында  облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева спорт саласын дамытудың жай-күйіне тоқтала келе, атақты жерлестеріміз Владимир Смирнов, Теміртас Жүсіпов, Мария Грабовецкаяларды тілге тиек етті.
Жарысқа мемлекеттік қызметкерлер, жастар бірлестіктерінің көшбасшылары, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, студенттер, мектеп оқушылары және Көкшетау қаласының тұрғындары қатысты.
Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Әбутәліпов  іс-шараның мәні мен маңызын түсіндірді.
Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты мың және екі мың метр қашықтықта шаңғы теуіп, бақтарын сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Ирина Мерклингер, Марина Васильева, Михаил Неруш, Наталья Соколовская, Олжас Климин, Диана Чебуранова, Иван Смирнов жас ерекшеліктеріне орай бірінші орындарға қол жеткізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар