Қайсарлығы бір басқа

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, «Өмір жолы» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Комяковқа орталықтандырылған «SOS» дабыл қағу тетігі бар ұялы байланыс телефоны  табыс етілді.

  Бұл шара республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі мен «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының ынтымақтастығына сай, «Еуразиялық Медиа Форум» және «Өмір жолы» қоғамдық қорларының ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр. Бұл телефон кенеттен бір оқыс жағдайға тап болған сәтте таптырмайтын көмек болып табылады.
Майдангер қарт аталмыш телефонмен қамтамасыз етілгеніне дән риза. Оның өмір жолын баян етсек, 1943 жылы әскер қатарына шақырылды. Соғыста Австрия, Венгрия мемлекеттерінде ұрысқа қатысып, №325-ші барлау ротасының құрамында болды. Ол өз сөзінде қанша рет оққа ұшса да, тән жарасы түк те емес екенін жеткізді. Тіпті, бірнеше отадан кейін, майдан шебіне қайта аттанған. Қария осындай қайсарлығы мен табандылығының арқасында үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған көрінеді. Бүгінде оның балалары өз алдына ержетіп, немерелерінің қызығын көріп отырған жайы бар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар