Мұғалім мәртебесі артады

Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев өзінің кезекті жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің түрлі сынақтарға қарсы тұрып, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғанын айта отырып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын он негізгі міндетті атады.

Әдеттегідей, Елбасының әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде зейнетақы, жәрдемақы мөлшеріне, денсаулық сақтау, білім беру салаларына толық тоқталғаны қуантады. Кез келген жаңару, жаңғыру үрдісінің негізі – адам капиталы. Сондықтан, Елбасы кезекті Жолдауында жаңаша оқыту, өскелең ұрпақты жаңа өзгерістерге да-йын болуға және бейімделуге дайындау мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Осынау маңызды жауапкершілік жүктеліп, жоғары талап қойылып отырған мұғалім мамандығының мәртебесін арттырудың сөз етілгені ерекше қуантарлық жағдай.
Елбасы: «2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ, заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс», – деген болатын. Бұл тұрғыда кең көзқарасты қазақстандық әрбір азамат үлгі болуға тиіс екені байқалады. Түсінген әр қазақстандық үшін бұл жоғары талап, алға қойылған мақсат, нақты бағыт-бағдар деп ойлаймын.
Елбасының жыл сайынғы Жолдауы еліміздің әрбір азаматының жүрегіне үміт ұялатып, ертеңгі күнге деген сенімімізді арттыра түсері сөзсіз.

Арайлым ҚАЙЫРЫМДЕНОВА,
Бурабай аудандық мәдениет
және тілдерді
дамыту бөлімінің қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар