Ресей орденімен марапатталды

Қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазатын журналист Шаймұрат Тынымбаевтың есімі Көкше өңіріне жақсы танымал.

Тек жазумен ғана айналысып қоймай, ол орысшадан қазақшаға, қазақ тілінен орыс тіліне аудару жұмыстарымен де айналысады. Жергілікті басылымдарда мақалалары жиі жарық көріп тұратын Ш.Тынымбаевтың бірнеше кітаптары шыққан.
Таяуда Ресейдің Новосібір аймақтық Журналистер одағы Шаймұрат Тынымбаевты Қазақстан мен Ресей Федерациясының өзара ынтымақтастығын насихаттауға қосқан үлесі үшін екінші дәрежелі «Отандық журналистикаға сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапаттады. Жерлес қаламгердің алдағы уақытта бұдан да биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар