Инвесторларға қолдау көрсетеміз

«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестиция тарту саласында индустриалық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, экспорттың әлеуетін арттыру шараларын жүзеге асырады.

Компанияның шет елдерде өз өкілдерінің кең желісі бар. «Бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаларға толық қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, республикамыздың арнайы экономикалық аумақтарында бірыңғай үйлестіруші орталық ретінде жұмыс істейді. Аталмыш акционерлік қоғам өкілдігі былтыр Ақмола облысында ашылып, жұмыс істей бастады. Өңірлік өкілдіктің негізгі мақсаты – шетелдік инвестиция тарту, инвесторларды қолдау. Бүгінгі таңда қызығушылық танытқан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы, «Облыс бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің өңірлік орталығы» серіктестігі, туристік ақпараттық орталығы, «Бурабай-Даму» серіктестігі тәрізді мемлекеттік және өзге де құрылымдармен бірге жұмыс істеудің тетіктері жасалуда. Өңірге әлеуеттік инвесторларды тарту үрдісі қарастырылуда. Бұл ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу инвестор мен жергілікті атқарушы биліктің қарым-қатынасын жеңілдетеді. Өңірлік өкілдік ретінде инвестордың барлық келісім-шарты мен іскерлік үрдісіне қатысуға дайынбыз.
Ақмола облысы туристік әлеуетке бай агроөнеркәсіптік өңір болып табылады. Облыста ауыл шаруашылығы өндірісі кең дамыған. Бұл ел экономикасының басым саласының бірі болып табылады. Мәселен, өңір жоғары сапалы азық-түлік бидайдың жалпы республикалық көлемінің төрттен бірін, еліміздегі сүт өнімдерінің оннан бірін өндіреді. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін тау-кен кәсіпорындары мен өңдеуші өнеркәсіп айқындайды. Оның негізгі көлемін азық-түлік тағамдарының өндірісі, машина жасау мен түрлі-түсті металлургия құрайды. Сондай-ақ, молибден өндірісі, химиялық өнеркәсіп, құрылыс индустриясының кәсіпорындары дамуда. Өңір туристік бизнесті дамыту үшін өте ыңғайлы аймақты алып жатыр. Щучинск-Бурабай курортты аймағы табиғи-климаттық жағдайы тамаша, тарихи-мәдени мұра мен емдеу-рекреациялық ресурсқа бай көрікті жер. Туризм саласында бизнесті қарқынды жүргізу үшін оңтайлы фактордың бірі Қазақстанның астанасына жақын орналасқандығында болып отыр. Инвесторларды тарту жұмысының қарқындылығы әртүрлі факторлардан тұрады. Қазақстан аумағында өз ісін ашқан қазақстандық және шетелдік бизнес иелеріне пұрсаттылық, салық жеңілдігі ұсынылады. Әр жоба өзінше дара. Әр жағдайда мемлекет әртүрлі жеңілдіктер мен қызығушылық танытқан инвесторлар үшін пұрсаттылық қарастырады. Бұл табиғи гранттар, инвестициялық субсидия немесе салық жеңілдіктері болуы мүмкін. Бүгінгі таңда мемлекет бизнесті дамытуды қолдауға бағытталған көптеген шараларды ұсынады деп сеніммен айтуға болады. Ал, біз өз кезегімізде инвесторға мемлекеттік қолдаудың тетігін таңдауға көмектесеміз. Акционерлік қоғамның өңірлік өкілдігі барлық инвесторлар үшін ашық. Ақмола облысында инвестициялық жұмысты жүргізу барысында туындайтын барлық мәселе бойынша әлеуеттік инвесторларға қолдау көрсетуге дайынбыз.

Әйгерім МОЛДАБЕКОВА,
«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы»
акционерлік қоғамы өңірлік
өкілдігінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар