Заңсыз арақ өнімдері тәркіленді

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Атбасар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп, «Салық органдарын тіркеу», «Акциздерге және тіркеу-бақылау маркаларына, алкоголь өнімдері мен мұнай өнімдеріне және биоотынға арналған ілеспе шот-фактуралардың қолжетімділігі мен шынайылығы, лицензияның бар болуы мәселесі» бойынша салықтық тексеру жүргізді.

Тексеру барысында алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сату және сақтау, пластикалық контейнерлерде су қосылған алкоголь қоспасының фактілері анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша жеке кәсіпкер А. және жеке тұлға Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 282 және 463-баптарына сәйкес әкімшілік материалдар толтырылды.
5 литрлік пластикалық контейнерлерде 53 дана, 2 литрлік пластикалық контейнерлерде 2 дана, 1,5 литрлік пластикалық контейнерлерде 16 дана алкоголь өнімдері тәркіленді.
Атбасар аудандық сотының шешімдері бойынша жеке кәсіпкер А. әкімшілік жазаға тартылып, жалпы сомасы 100 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл салынып, мүлкі тәркіленді, жеке тұлға Б.-ға да 65 АЕК мөлшерiндегі айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза тағайындалды.
Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар