Шортандының даму қарқыны

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шортанды ауданының әкімі Гүлнұр Сәдуақасова журналистерге Астана агломерациясына енген елді мекендердің проблемаларын шешу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өңірдің 2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері жайында айтып берді.

Аудан әкімі халықтың әл-ауқатын жақсарту, елді мекендерді дамыту бағытында атқарылып жатқан шаруаларға тоқталды. Астана агломерациясына Шортанды ауданындағы Төңкеріс, Бозайғыр және Ключи елді мекендері еніп отыр. Осының арқасында ауданда инженерлік коммуникация мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды су және электрмен қамтамасыз ету, жол құрылысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіліп келеді.
– Ауданда инженерлік коммуникация саласының дамуына жете көңіл бөлінеді. 2010 жылдан бері тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Төңкеріс және Бозайғыр ауылдарында су құбыры жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса, биылға жылы Бозайғыр ауылында 84 учаскедегі 6 шақырым су құбырының құрылысы жобасы үшін қаржы бөлінді. Ключи ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы су сорғыш, сүзгі, жүйелік қондырғылары ауыстырылды. «Шортанды су» коммуналдық кәсіпорны жер асты су сорғыштарын ауыстыру жұмыстарын жалғастыруда, – деді аудан басшысы өз сөзінде.
Аудан әкімі сондай-ақ, Бозайғыр және Ключи ауылдарының көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құжаттардың әзірленгенін де атап өтті. Сонымен бірге, Бозайғыр ауылының тұрғындарын үздіксіз электрмен жабдықтау мәселесі де оң шешіліп жатқандығы айтылды. Жалпы,
ауданда, әлеуметтік нысандардың құрылысына ерекше көңіл бөлінеді. Мектепке дейінгі балаларды білім берумен қамтамасыз ету мақсатында Төңкеріс және Бозайғыр
ауылдарында 140 орындық балабақша салу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Биыл Төңкеріс және Ключи ауылдарында медициналық пункттер салу жоспарда бар.
– «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарына сәйкес, алға басудың өзекті тетіктерін айқындадық: олар инвестиция тарту, жаңа жұмыс орнын ашу, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті қолдану, түрлі салалар бойынша меморандумдар жасау. Сонымен қоса, біз тұрғындарға әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасауды да алға қойған басты мақсаттардың бірі деп білеміз.
Брифинг барысында журналистер
аудан әкіміне өңірдің басқа да әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарына қатысты сауалдарын қойып, жауаптар алды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар