Әлеуметтік сала басты назарда

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттері мен берген тапсырмаларын елімізде әлемдік дағдарыстың алдын алуға бағытталған пәрменді шаралардың айғағы деп білемін.

Көзі ашық, көкірегі ояу ел азаматы ретінде осы кеңейтілген отырыстағы қаралған мәселелерге мен де баса назар аудардым. Әсіресе, «Нұрлы жол» бағдарламасы дағдарысқа қарсы тиімді тетік болып саналатынын айтқан Елбасымыз қазақстандықтарға зор сенім артты. Яғни,  барлығымыз бір адамдай жұмыла жұмыс істеуіміз керек.
Отырыста мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері еш өзгеріссіз қалатыны айтылды. Бұл сөзден кейін қазақстандықтар көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап алды деп ойлаймын. Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық саясаттың нақты шараларын белгілеп, білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы жаңғырту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
Қазір денсаулық сақтау саласында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында  бірқатар ауқымды шаралар қолға алынуда. 2014 жылы қыркүйек айында біздің
ауданда жаңадан емхана ашылды. Ал, жоғарыдағы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес адамдардың денсаулығын нығайту және өмір жасын ұзарту, аурудың алдын алу көзделіп отыр. Аудандық емхана дәрігерлері   аурудың алдын алып, диагностикалық, профилактикалық жұмыста оң жолға қойылуда.  
Біз халықтың денсаулығын қорғауға  және нығайтуға мемлекеттiң, жұмыс берушiлер мен азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершiлiгiн арттыруды бүгіннен бастағанымыз жөн. Осы орайда, тұрғындарды сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз болып саналады.
Кеңейтілген Үкімет отырысында қаралған барлық мәселе қызу қолдау табатынына зор сенім білдіремін. Ақ халатты абзал жандар саланың оң қарқынмен дамуына айрықша үлес қосады деген ойдамын.

Зейнеқабиден ЖАҚЫПОВ,
Целиноград аудандық емханасының
бас дәрігерінің  орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар