Сыйақы жаңа жүйемен төленеді

Жаңа төлем жүйесі енгізілгеннен кейін мемлекеттік қызметшілерге енді әр мереке сайын сыйақы төленбейді.

– Енді өнімді жұмыс істеген мемлекеттік қызметшілер «бонус» алатын болады. Оның есесіне әр мереке сайын төленетін сыйақы алынып тасталады, – деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша «сыйақы» мәні «бонус» мәніне өзгертілді.
«Мемлекеттік қызметшінің жұмысы жаңа әдіс бойынша жылына бір рет желтоқсанда бағаланады. Бағалау қорытындысы негізінде жылына бір рет бонус төленеді. Бүгінгі болжам бойынша бонус көлемі қызметшінің лауазымына байланысты төрт айдың еңбекақысынан кем болмауы тиіс», – деді аталмыш агенттік төрағасының орынбасары.
«Мемлекеттік қызметшілер осы уақытқа дейін әр мереке сайын бірдей көлемде сыйақы алып жүрді, енді бұлай болмайды. Елбасы нәтижелі жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жөнінде нақты тапсырма берді. Сол себепті, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалайтын жүйені қарастырып отырмыз. Егер мекеме алға қойған мақсаттарына жететін болса, олар бонусты толық көлемде алады. Егер ол орындалмаса бонустық қор өзгеріп, тиісті нәтижені көрсетпегені үшін берілетін бонус қысқарады», – деді Айгүл Шайымова.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар