Серпін сенімнен білінеді

Мен «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Саяси кеңесінің мүшесі ретінде қоғамымызда соңғы уақытта болып жатқан жағымды жаңалықтардың бәріне де қолдау білдіремін. Соның бірі – алдағы 26 сәуірде өткелі отырған Президент сайлауы. 

Партия өзінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы мен «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары»  атты сайлауалды тұғырнамасын орындауда біраз жетістіктерге жеткендігі ақиқат. Осы орайда, соңғы екі жарым жылда тұғырнаманың 70 пайызының ойдағыдай жүзеге асқандығын ерекше айтуға болады. Бұл нұротандықтардың ғана емес, атқарушы билік пен мәслихаттардың да ортақ іске жұмыла білгендігінің жемісі дер едім.
Елімізде бәсекеге қабілетті іскер орта қалыптасып келеді. «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне қоғамның нөлдік төзімділігін қалыптастыру бағытындағы ілкімді істерді қолға алуда. Менің ойымша, бұл тек біздің мойнымыздағы ғана жүк емес, еліміздің әрбір азаматының міндеті. Барша жұрт болып күрессек қана осы қатерлі кеселді жеңе аламыз.
Мемлекет басшысы әлемдік қауымдастықта орын алып жатқан кері өзгерістерге жете мән бере отырып, осы жағдайдың біздің елімізде орын алмауына барлық күш-жігерін жұмылдыруда. Бұл үшін партияның Саяси кеңесінің отырысында елдің жаңа экономикалық саясаты жария етіліп, Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауы жолданды.  Қазір осы Жолдауда және Үкіметтің кеңейтілген отырысында атап көрсетілген басым бағыттарды ойдағыдай іске асыру үшін барлық шаралар қарастырылуда. Бұл орайда, мемлекеттің әлеуметтік саладағы өзіне алған міндеттері сол күйі қалатындығы өте құптарлық.
Өзім жеке кәсіпкер болғандықтан, мені бизнесті өркендетуге қатысты мәселелер де толғандырады. Бұл ретте де ілгерілеушіліктер барын өз тәжірибемнен толық айта аламын.
Сондықтан, алдымызда болатын «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІ съезінде сәуір айында өткелі отырған Президент сайлауы да нұротандықтар тарапынан қызу қолдау табатындығы, сөйтіп, тәуелсіз мемлекетімізді нығайту жолындағы Елбасының жан-жақты қажырлы қызметі жоғары бағасын алатындығы сөзсіз деп ойлаймын. Мұны барша қазақстандықтардың, соның ішінде ақмолалықтардың да Мемлекет басшысына деген ерекше сенімі десек артық емес.  

Ирина ЖУКОВА,
«Нұр Отан» партиясы
Саяси Кеңесінің мүшесі.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар