Жағдай тұрақты

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Сәуле Ыбыраеваның төрайымдылығымен өткізілген облыстық әкімдік жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысында өңірдегі діни ахуал мәселелері сөз болды. 

Алдымен, облыста 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл  бойынша мемлекеттік бағдарламаның  іске асырылу барысы баяндалды. Бұл орайда, құрамына 185 мүше кіретін 20 ақпараттық-насихат тобы жұмыс істейді.   
Сол сияқты, әлеуметтік зерттеулер де қолға алынған. Сауалнамаға қатысқандардың 86 пайызы өздерін дінге  сенушілерге жатқызады. Облыс тұрғындары конфессияаралық жағдайды тұрақты деп бағалағанымен, кейбір мәселелерді де жоқ деуге болмайды. Ақпараттық-насихат топтарының қаржыландырылмауы себебінен, өңірге  мықты теологтар келе бермеуде.
Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Эльмира Салықова өз есебінде ақпараттық-насихат тобы мүшелерінің санын  жетеуден 16 адамға дейін көбейткендіктерін айтты. Олардың қатарында діни бірлестіктердің, мемлекеттік органдар мен  басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. Қалада кейде балаларын сабаққа жібермейтін теріс ағымдар да бар көрінеді. Олармен де жұмыс жүргізілуде. Әзірге  қолдан келері –  тек сот арқылы әкімшілік айыппұлдар салу ғана.
Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Абай Әлжанов өздерінде  діни ахуалдың тұрақты екендігін алға тартты. Дәстүрлі емес діни ағымдардың жолын кесу үшін алдын алу шаралары қолға алынуда. Әкімнің орынбасарына мәжілісте Елтай ауылындағы мешітті әділет органдарында тіркеуден өткізуді тездету тапсырылды.  Отырысқа қатысушылар облыстағы діни ахуалды одан әрі жақсарту  жөнінде  өзара пікір алмасты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар