Интернет арқылы ақша табуға бола ма?

ХХІ ғасырды жұртшылық бүгінде «ақпарат ғасыры» деп атап жүр. «Кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді» деген сөз қазіргі заманның нақылына айналғандай. Ақпараттың барлық игіліктің алдына шығуына интернеттің тигізіп отырған ықпалы аз емес екені белгілі. Ғаламтор жыл санап қарқынды дамып барады. Ол бүгінде пайдалы ақпарат алып, бос уақытты көңілді өткізуге арналған құрал болудан қалды. Миллиондаған адам ғаламтор арқылы тәп-тәуір ақша тауып, тіпті, соны күнкөрістік кәсіпке айналдырғандар да бар.

Интернет-бизнес деген кәсіптің жаңа түрі бүгінде алдыңғы қатарлы елдерде қоғамға елеулі әсер ететін ықпалды топқа айналды. Ғаламтор арқылы күректеп табыс тауып миллионер, миллиардер болып жатқандар аз емес.
Қазір интернет-магазиндерден қалаған тауарыңызды сатып алуыңызға болады. Оның бағасы арзан және ақшасын төлесеңіз, тауарды үйіңізге жеткізіп береді. Алдыңғы қатарлы елдердің көбінде кәсіпкерлер өз бизнестерін интернетке шығарып, ғаламтор арқылы өнімдерін сатуға, қызметтерін көрсетуге ынталы болып отыр. Өйткені, интернет арқылы кең ауқымды қамтуға мүмкіндік бар.
Интернет кәсіпкерліктің ішінде ақпарат бизнесі ерекше орын алады. Ақпаратты тауарларға деген сұраныс жыл санап еселеп артып келеді. Соған орай, осы салада жұмыс жасап, қомақты табыс тауып жүргендер қатары да өсуде. Ақпарат бизнес саласында бағыңызды сынау үшін ең алдымен, ақпарат тауарыңыз болуы шарт. Ақпарат тауар деген не? Ол әртүрлі салалар бойынша қажетті ақпараттарды жинақтаған кітап, не дыбыс немесе бейнесабақ болуы мүмкін. Осындай тауарды сатып алған адам одан өзіне қажетті пайдалы ақпараттар алып, оны өз қажетіне іс жүзінде пайдалануына мүмкіндігі болады.
Осындай ақпарат тауарлар арқылы музыкалық аспаптарда ойнауды үйреніп, шет ел тілдерін меңгеруге, денсаулықты жақсартып, артық салмақтан арылуға, басқа да өзіңізге қажетті нәрселер табуыңызға болады. Жұрт ақпарат тауарларын сол үшін де сатып алады.
Дегенмен, жұрттың бәрінің бірдей кітап жазып, бейнесабақтар түсіруге қабілет-қарымы жете бермейтіні белгілі. Егер сіз ақпарат тауарларын сатып, ғаламтор арқылы табыс тапқыңыз келсе, бірақ өз ақпарат тауарларыңыз болмаса, онда өзгелердің ақпарат тауарларын сатумен айналысуыңызға болады. Бұл қалай жүзеге асады?

Ғаламтор арқылы ақша табудың
бір түрі – ресселинг

Жаратқан әрбір адамға әртүрлі қарым-қабілет берген. Біреу шығармашылықпен айналысып кітап жазады, енді біреу сурет салады, тағы біреу сауда жасап, олар жасаған дүниелерді сатады. Ақпарат тауарларын жасайтын кәсіпкерлердің бәрі бірдей өз
тауарларын сатуға қабілетті емес.
Осы орайда, олар ақпарат тауарларының сату құқығын белгілі бір сомаға сату арқылы бұл қиындықтан шығып, табыс табуға мүмкіндік алады. Ал, оның ақпарат тауарын сату құқығын алған адам тауардың құнын өзі белгілеп, өз тауарындай сата алады. Бұл екі жақ үшін де тиімді. Мұндай тауарды сатып алғанда сіз әдетте ақпарат тауарымен қоса сатуға арналған шағын сайт, есеп айырысу құралын, тіпті, сатып алушыға арналған да-
йын хаттар желісін де ала аласыз. Бірер сағат уақытыңызды кетіріп, оны іске қосқаннан кейін кешен бірден жұмыс істеп кетеді. Сізге қалғаны ғаламтор арқылы жарнама беріп, сатып алушыларды тарту ғана.

Ресселинг тауарларын қайдан
табуға болады?

Ғаламторда сату құқығы қоса сатылатын ақпарат тауарлар өте көп. Олар электронды кітап, бейне-дыбыс курстары болуы мүмкін. Бағасы онша қымбат емес.
Мәселен, сіз http://inforesell.ru/ сайтынан сату құқығы қоса сатылатын ақпарат тауарларының түр-түрін табуыңызға болады. Бағасы қолжетімді. Сатып алыңыз да, бірден іске кірісіңіз. Яғни, жарнамалап, тауарды қалаған бағаңызға сатыңыз. Одан түскен ақша түгел сіздікі болады.
Ресселинг қазір ғаламтор арқылы ақша табудың сенімді көздерінің бірі болып табылады. Әрине, интернет арқылы табыс табудың қай түрін таңдау сіздің өз еркіңіздегі шаруа. Бірақ, ең алдымен, қай салаға бейімділігіңіз бар және өзіңізге не ұнайды, соны анықтап алып, содан кейін ғана іске кіріскеніңіз жөн.
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар