Арқа тұтушы едік

 

Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы Болат Бекенов өмірден өтті.

  Ол бұрынғы Көкшетау облысының Чкалов ауданына қарасты Қарағаш ауылының тумасы, белгілі қаламгер, сыншы, кеңес қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Елжас Бекеновтың перзенті. Әкесі ұлы ақын-жазушыларымыз Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіровтермен үзеңгілес қызмет еткен.
Болат ағамыздың балалық шағы Қа-зақстан Жазушылар одағының хатшысы, әдеби бірлестіктің төрағасы болып жұмыс істеген әкесінің қызметіне орай, Орынбор, Мәскеу, Қызылжар, Орал, Қызылорда, Алматы қалаларында өтті. 1968-1975 жылдары Еңбекшілдер аудандық атқару комитеті төра-ғасының бірінші орынбасары болып қызмет істеді. Одан әрі қашан зейнет демалысына шыққанға дейін Казгородок орта мектебіне басшылық жасады. Әке талантының сан қыры Болат ағамыздың бойында да бар еді. Республикалық және облыстық басылымдарда мазмұнды, әсерлі әңгімелері ұдайы жарық көріп тұрды. Қазақ әдебиетінің атақты сыншысы, академик Серік Қирабаев бұл кісіні «қазақтың Чеховы» деп бағалаған болатын.  
КСРО Білім беру ісінің үздігі, Еңбек-шілдер ауданының құрметті азаматы, асыл ағаның қазасына байланысты ағайын-туыс, ел-жұртына қабырғамыз қайысып көңіл айта отырып, марқұмға иман байлығын тілейміз.

Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің ұжымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар