8 Наурыз мерекесімен!

 Қымбатты әйелдер қауымы!
Көктемнің ең шуақты да шұғылалы мерекесі – Халықаралық әйелдер күні  өздеріңізге арналған ең жылы лебізімді, құттықтауларды қабыл алыңыздар!
Бұл – біздің барлығымыз үшін де табиғаттың ұйқысынан оянар, жер-дүниенің жаңарып, жасанар мерекесі, қуаныш пен шаттықтың, үкілі үміттің мейрамы.  Көктемгі күннің алғашқы нұр сәулесіндей Сіздер де  біздің жүрегімізге жылу сыйлап, жанымызды жадыратасыздар. Осы шуақты күнде өздеріңізге шынайы сүйіспеншілік білдіріліп жатуы тегін емес. Бұл ыстық ықыласты ақыл-парасаттарыңыз бен небір қиыншылықтарға төтеп берген төзімділіктеріңізге тәнті болғандығымыз деп қабылдарсыздар. Жайма-шуақ мінездеріңіз, жайдары болмыстарыңызбен Сіздер әлемді жайнатып, айналаны мейірім шуағына бөлейсіздер.
Біразыңыз  саясат, экономика мен әлеуметтік салада өз әлеуеттеріңізді іске асырып келесіздер. Ғылыми жаңалық ашу, спортта жетістікке жету, бизнесті жүргізу  болсын, небір биік белестерді бағындыру да қолдарыңыздан келеді. Әсіресе, Сіздердің еліміздегі білім беру, денсаулық сақтау мен мәдениет салаларын дамытуға қосып отырған үлестеріңіз орасан зор.
Бүгінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты ел халқына арнаған Жолдауында алға қойылған міндеттерді  ойдағыдай іске асыру бағытында  да еселі еңбектеріңізбен көш басындасыздар. Сіздердің іскерліктеріңізбен еңбекқорлықтарыңыз аймақты өркендету  жолындағы индустриялды-инновациялық жобаларды жүзеге асыру,  білім беру, денсаулық сақтау және халықты жұмыспен қамтуда  бізге ауадай қажет.
Бізді кейінгі жылдары жергілікті атқарушы және өкілетті органдардағы лауазымды қызметтерде, орта басқару жүйесінде және кәсіпкерлік саласында табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандылар санының артуы да қуантады. Мұнымен қоса, Сіздер отбасының жылуын сақтап, ұлықты ұл мен қылықты қыз өсіріп, отбасының берекесі мен еліміздің гүлденуі жолында оларды  еңбекке баулумен қатар,  жаңа жетістіктерге жетелеп келесіздер. Бүгінде Ақмола облысында 8 мыңнан астам «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері тұрады. Арамызда І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденін алған абзал жандар, көпбалалы аналар да аз емес.
Мемлекетіміз ана мен баланы жан-жақты қорғап, олардың өмірін жақсарту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Келе жатқан 8 Наурыз мерекесі қарсаңында өздеріңізге зор денсаулық, шексіз мейірім, мол махаббат және отбасыларыңызға береке мен бақыт тілеймін. Жан жылуларыңызбен айналаны нұрландырып,  сұлу да тартымды болып жүре беріңіздер!

Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

Құрметті әйелдер мен қыз-келіншектер!
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне ең ізгі және шын жүректі құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Бүгінгі күні біздің әйелдер ең қиын және жауапты жұмыстарда өздерінің бар жақсы қасиеттерін, адамдарға деген оң көзқарастарын көрсетуде. Мейірімділік пен шапағаттың бейнесі ретінде әйел отбасын күтеді, аялап, оны жылылық пен берекеге толтырады, балаларына тәлім-тәрбие беріп,  кәсіптік және қоғамдық қызметте аянбайды, әлемге қуаныш, үйлесімділік пен тыныштық сыйлайды.  
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясында «Әйел – отбасының тірегі, яғни, мемлекеттің тірегі» деп орынды атап өтті. Әйелдің орнын бағалау қиын. Қазір біз мақтанышпен айтатын көптеген жетістіктердің жасаушысы және рух берушісі әйел.  
Құрметті әйелдер, осы мереке күні өмірдің  қиыншылығына мойымай, айналаңызға қуаныш сыйлай білетіндеріңіз, жақындарыңызға шынайы сезімдеріңізді жылдар бойы жоғалтпай алып жүргендеріңіз үшін алғыс сөздерімді қабыл алыңыздар.   
Нина  ДЬЯЧЕК,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

 

Қадірлі аналар мен арулар!
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси кеңесі баршаңызды көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
Ана-өмір, ана-тіршілік, ана-қайраткер деген теңеумен сөйлер болсақ, бүгінгі мерекенің жалпы адамзат баласы үшін орны айрықша екенін сезінеміз. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, мемлекет өміріне және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан, біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Қымбатты ханымдар! Сіздерге ізгі ниеттерімізді білдіре отырып, зор денсаулық, ашық аспан тілейміз. Сүйікті Отанымыз Қазақстанды көркейту жолында жасап жатқан қызметтеріңіз жемісті болсын!
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси кеңесі.

 

 

Құрметті ақмолалық аналар мен қыз-келіншектер!
Баршаңызды көктемнің жан жадыратар мерекесі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Әйел қауымының бүгінгі қазақстандық қоғамдағы алар айрықша орны бар. Бұл
жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қоғамның даму барысын өмірде нәзік, көңілде биік, ал, істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес», – деп орынды атап айтқан болатын. Барлық қазақстандық әйелдер сияқты, біздің ақмолалық әйелдер де, ел мен отбасының жауапкершілігін бірдей көтеріп, тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне өздерінің өлшеусіз үлестерін қосып келеді.
Біздің қоғам әйелдер мен қыз-келіншектердің еңбекке, қоғамдық өмірге белсене араласуларына барынша жағдай жасауда.
Бүгінгі мереке күні әр шаңырақтағы аналар мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтай отырып, Сіздердің әрқайсыларыңызға мықты денсаулық пен зор бақыт, табыстар тілейміз. Біздің өміріміздің көркі мен қуанышы, әр шаңырақтың бесігін тербетер аналық жүректеріңізбен жасай беріңіздер!
 Рәшит Әкімов,
Жабал Ерғалиев,
 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар