Шет елде тәлімдемеден өтті

Ақмола облысының техникалық және кәсіби білім беру саласының 11 педагогы мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елде тәлімдемеден өтті, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» аталатын жетінші басым бағытын жүзеге асыру мақсатында облыстық білім басқармасы тағылым қимылдарын бастады. Соның бір айғағы ретінде қалалар мен аудандардың арнайы орта білім саласының таңдаулы ұстаздары жуырда шетелдік тәлімдемеден оралғанын айтуға болады. Оладың бесеуі Ұлыбританияда, үшеуі Малайзияда, екеуі Финляндияда және біреуі Чехияда білімдерін жетілдірді.
Тәлімдеме аясында тыңдаушыларға шетелдік кәсіпорындардың, ғылыми орталықтардың және университеттердің материалдық-техникалық жабдықталуымен, оқу процесін жүргізудің озық тәсілдерімен танысу мақсатында арнайы кездесулер, шебер сыныптар, брифингтер ұйымдастырылды. Оқу бағдарламасы жалпы еуропалық талаптарға сай ағылшын тілін меңгеруді жетілдіру және бұл тәжірибені кәсіптік техникалық білім ордаларында қолдануды көздейді.
«Маған финляндиялық білім бағдарламаларында студенттерге бизнес әлемін зерттеу, талдамалық ой қорыту кәсіпорындардағы тәжірибелік сабақтармен тікелей ұштасатындығы ұнады. Студенттерге бірінші курстан-ақ кәсіпкерлік, бизнес-құрылымдар және бұлардың мониторингінің негіздері үйретіле бастайды екен. Бұл елдерде бизнеспен айналысатындардың шоғыры көп екендігін мемлекет те қолдайды. Тәлімдеме сапарынан алған әсерлерімді өз әріптестеріммен бөлістім және іске асыратын жаңа ой-жоспарларымның бар екенін, оны ағылшын тіліндегі арнайы сабақтарда қолданудың жолдарын қарастырудамын», – дейді Көкшетау жоғары колледжінің оқытушысы Қазбек Мадғұлов.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар