Мектеп мақтаныштары

Новорыбин орта мектеп-бақшасының бастауыш сынып оқушылары «IO» Интеллекті дамыту орталығының Ұлттық қашықтық олимпиадасына қатысып, жүлделі оралды.

Жарыс «Көркем жазу», «Мәнерлеп оқу», «Сырлы бояу» атты аталымдар бойынша өтті. «Мәнерлеп оқу» сайысына 2 сынып оқушылары Диляра Жанайхан мен Жәңгір Жұмасанов қатысып, бірінші және үшінші орындарды иеленді. Осы аталымда шәкірттеріміз Шыңғыс Қадырбекұлы мен Ерасыл Сағанбекұлы да жүлделі екінші орыннан көрінді. «Сырлы бояу» сайысында 3 сынып оқушысы Шынар Сүлейменованың бірінші орынды жеңіп алғанын да ерекше атап өткеніміз жөн.
Ал, «Көркем жазу» номинациясында Айбын Тойбазар бірінші орын, Ақберен Өмірбек пен Жасұлан Шәкерияұлы екінші, Диляра Жанайхан мен Әзиза Әкімжанова үшінші орындарды иеленді. Бұл жетістіктер мектебіміздің абыройы, ал, соған қол жеткізген ұландар білім ордасының мақтаныштары деп білемін.
Ражап ХАБАЛХАХ,
Новорыбин орта мектеп-бақшасының
бастауыш сынып мұғалімі.

Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар