Жедел сұхбат

 Елбасымен «Көктем шуағы» атты кездесуге Ақмола өңірінен Аршалы ауданындағы Вячеслав ор-та мектебінің директоры Татьяна Немцан қатысқан еді.

 

– Құрметті Татьяна Николаевна, кез-келген адам армандайтын осы кездесуден алған әсеріңіз туралы айтып берсеңіз?
– Тұла бойдағы тебіренген сезімді толайым айтып шығуға тіл жетпейтін де шығар. Елбасымен кездесуге республикамыздың барлық өңірінде әртүрлі салаларда еңбек етіп, тәуелсіз еліміздің мерейін биіктету жолында жұмыс істеп жатқан әйелдер қатысты. Солардың бірі болу мен үшін үлкен мәртебе. Әрі Ақмола облысындағы барша қыз-келіншектердің атынан қатысқан соң өзімді лайықты ұстауға тырыстым. Бұл кездесу менің өмірімдегі ең бір тарихи сәт десем де артық айтқандығым емес.
– Енді кездесу барысында айтылған әңгіме, екшелген мәселе төңірегінде бір ауыз сөзбен түйіндеп өтсеңіз?
– Елбасы кездесу барысында мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі әйелдердің әл-ауқатын жақсарту екендігі туралы баяндады. Осы бағытта қазір қыруар
шаруалар атқарылып жатыр. Сондай-ақ, жыл өткен сайын әйелдердің қоғамның әр саласындағы белсенділігі артып келе жатқандығын да таратып айтып берді. Кездесуде демография мәселесінің қалай қалыптасып отырғандығы жайлы нақты естіп білдік. Дүние есігін ашқан сәбилердің саны өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай көбейе түскен. Шынтуайтында мұның өзі ана мен баланың денсаулығына шынайы қамқорлық жасалып отырғандығының арқасы. Біздің мектептегі күн көзі батареясын қолдану тәрізді жаңашылдықтар ЭКСПО-2017 көрменің мақсатымен үндес. Бұл бір ғана мысал, ал, тұтас елімізде қаншалықты күрделі істердің жүзеге асырылып жатқандығын бір сәтте түгел айтып беру мүмкін емес қой.
– Әңгімеңізге рахмет!
Б.Қайырлыұлы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар