Ақпараттық хабар

2015 жылғы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің редакциясы келісім-шарт негізінде сайлау алдындағы үгіт үшін баспа қызметін ұсынады.
Президенттікке кандидат болып тіркелгендер, саяси партиялар немесе сенімді өкілдер үгіт материалдарын жариялау үшін редакцияға жазбаша өтініш береді. Бұл өтініште тіркелу нөмірі, күні, уақыты, үміткердің немесе сенімді өкілдің аты-жөні, тегі көрсетілуі керек. «Арқа ажары» газеті редакциясымен шарт жасалады. Жеке куәліктің және үміткер куәлігінің көшірмелері болуы керек.
Редакция үгіт материалдарының түсуіне байланысты оларды жариялау үшін кезекке қояды және жарияланатын күнін келісім-шарт  бойынша белгілейді. Материалдар ақысы жүз пайыз толық төленгеннен кейін барып жарияланады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық Заңына сәйкес келмейтін үгіт материалдары газетімізде жарияланбайтындығын естеріңізге саламыз. Үгіт материалдарының бірінші бетте түрлі- түсті болып жариялануының бір шаршы сантиметрінің құны 250 теңге, екінші бетте 200 теңге. Қосымша құн салығы бірге есептелген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар