Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасы Данияр Ақышевтың онлайн-конференциясы

2018 жылғы 22 ақпанда сағат 10.00-де Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышевтың онлайн-конференциясы өтеді.
Үш сағат бойы онлайн режимде қазақстандықтар Ұлттық Банктің қызметі, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты, қаржылық қызметтер саласындағы құқықтарды қорғау туралы сұрақтарға және басқа да көптеген сұрақтарға жауап ала алады.
Сіздер төмендегідей сұрақтар бере аласыздар: «ҚҰБ Төрағасы Д.Т. Ақышевтың онлайн-конференциясы» арнайы бөлімінде ҚҰБ Online қосымшасы арқылы; ақпараттық әріптес – «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің сайтында; сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Банкінің Facebook (www.facebook.com/ulttykbanki/ және www.facebook.com/nationalbankkz/), Instagram (https://www.instagram.com/national_bank_o f_kazakhstan/) ресми парақтарында, онлайн-конференциясының аңдатпаларына түсініктемелерде.
Егер Сіз әлі «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасының пайдаланушысы болмасаңыз, оның App Store және Play Market дүкендерінде тиісінше iOS және Android платформаларында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүктеу үшін қолжетімді екендігін хабарлаймыз.

«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар