Жаңа орталық

Щучинск қаласында кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды. Бұл – Ақмола облысындағы осындай үшінші орталық.

 

Орталықтың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев құттықтау сөз сөйлеп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығымен елімізде шағын және орта бизнестің үлес салмағы артып келе жатқандығын атап көрсетті.  
Облыс әкімінің орынбасары Дулат Нұрмолдин кәсіпкерлікті  дамыту арқылы өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туып отырғандығын айтып, аудан орталығындағы мұндай мекеменің  Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытуға да зор септігі тиетіндігіне сенім білдірді. Қуаныш үстінде облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының  төрағасы, аймақтық кеңес мүшесі Марат Жұмабеков, жергілікті кәсіпкер Айша Ақынова, тағы басқалары сөз алып, мұндай қолдауға іспен жауап беретіндерін білдірді.
Жаңа орталықта бизнес субъектілеріне қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Мекеме «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Осындай дербес орталықтары бар бурабайлық кәсіпкерлер жұмысы ендігі арада бұрынғыдан жандана түсетіндігі айқын.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар