Азық-түлік мол болды

 Облыс орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, қатарынан екі күн ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Алғашқы күні жәрмеңкені облыс әкімі Сергей Кулагин аралап көріп, ұйымдастыру деңгейі мен азық-түлік бағасына көңіл бөлді. 

  Халыққа бірінші күні Бұланды, Бурабай, Зеренді аудандары ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің және Көкшетау қаласындағы  өңдеуші кәсіпорындардың өнімдері ұсынылды. Сөйтіп, 34,2 тонна ет және шұжық, 7,5 тонна сүт өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен сатылды.
Сондай-ақ, 14 тонна ұн және нан өнімдері, 15 тонна картоп, 11 тонна көкөніс, кондитерлік өнімдер мен бал, жұмыртқа, құс еті мен балық, әртүрлі өсімдік майлары тұтынушыларға қазіргі қалыптасқан бағадан әжептәуір арзанға түсті. Қала тұрғындары мереке күні осындай жәрмеңкенің ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдірді. Тұтынушылар өздерінің осы жылы лебіздерін жәрмеңкені аралап көрген облыс әкімі Сергей Кулагинге жеткізіп жатты.  
Келесі күні  Сандықтау, Еңбекшілдер, Ақкөл аудандары және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке одан әрі өз жалғасын тапты. Бұл жолы 43,3 миллион теңгенің 130 тонна азық-түлік өнімдері саудаға шығарылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар