«Жансая» – жайлы кешен

Азаматтық Альянс қауымдастығы жанындағы қоғамдық кеңес отырысында Қазақстан ипотекалық компаниясы іске асыратын жобаның орындалу барысы талқыланды.  

Облыс әкімінің орынбасары Дулат Нұрмолдин төрағалық еткен отырыс-та облыс бойынша 15 мыңнан астам, соның ішінде Көкшетау қаласында 7 мыңға жуық адам пәтер кезегінде тұрғандығы атап өтілді. Елбасының тікелей тапсырмасымен Қазақстан ипотекалық компаниясының  жобасы алдымен еліміздің Астана, Алматы, Қостанай, Көкшетау және Семей қалаларында жүзеге асырылады. 2020 жылға дейін жалға берілетін тұрғын үй құрылысына және оны сатып алуға мемлекет 250 миллиард теңге қаржы қарастырып отыр. Аталған өңірлерде таяуда жалпы көлемі  76,5 мың шаршы метр 1357 пәтер пайдалануға берілетін  болады.
Соның ішінде 337 көкшетаулық отбасына да «Жансая» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер кілттері табыс етілмекші. Жиында тұрғын үйлер бөлу жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелеріне өздеріне жүктелген міндетті әділ атқару тапсырылды.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар