Судьялар – спартакиада жолында

Ақмола облыстық сотының қызметкерлері қысқы спорт түрлері бо-йынша жарыс өткізді. Бұл жарыс Оңтүстік Кореяда өткізіліп жатқан 23-ші Қысқы олимпиада ойындарына арналды. Жарысқа қатысушыларды құттықтаған облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын айта келе, жарыс жолына шыққан әріптестеріне табыс тіледі.

Сот қызметкерлері арасындағы спартакиада «Елікті» тау-шаңғы кешенінде өтті. Оған облыс сот жүйесінің судьялары мен сот әкімшілігі мамандары қатысты. Таудан төмен шаңғымен сырғанау жарысында облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров топ жарса, екінші және үшінші орынды мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот алқасының төрағасы Бауыржан Баймұрзин мен Көкшетау қалалық сотының төрағасы Ринат Шақуанов бөлісті. Әйелдер арасында бірінші орынды облыстық соттың маманы Арайлым Садықова, екінші орынды облыстық соттың маманы Әмина Әмірова, үшінші орынды Бурабай аудандық сотының судьясы Жанна Салықбаева жеңіп алды. Шаңғы жарысында Көкшетау қалалық сотының судьясы Қайрат Хасенов топ бастаса, әйелдер арасындағы жарыста сот әкімшілігінің ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Құралай Құдайбергенова жеңіс тұғырынан көрінді.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар