«Оралу» ой салады

Облыс орталығындағы «Cinema Alem» кинотеатрында премьерасы болып өткен «Оралу» көркем фильмі Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

  Фильм өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, туған халқына қызмет етуге үндейді. «Оралу» белгілі кинорежиссер Рәшид Сүлейменовтың туындысы. Фильмге Санжар Мәдиев, Аружан Жазылбекова, Еркебұлан Дайыров, Саят Мерекеұлы, Сырым Қашқабаев, Марат Нұрасылов, Әлихан Нұрышев, Айбар Нағашыбаев, Нұрислам Байболат,  Обонна Эндэбуезе, Сергей Штерн сияқты отандық және шет елдік актерлер түскен.
Еуропада білім алып, ғылым жолына түскен Мақсат  20 жылдан соң өз Отанына оралып, басынан бірсыпыра оқиғаларды өткізеді. Жан тебіренткен шынайы сезімге толы фильмде еліміздің дамып, өркендегені, осыны көрген бас кейіпкердің туған жерінде қалғысы келіп, әртүрлі көңіл-күй кешуі нанымды бейнеленген. Бір сөзбен айтқанда, шет елге білім алуға аттанған  жастардың сонда қалып қоймай, Отанына оралуы тиіс екендігі фильмнің өн бойында шебер өріліп отырады. «Оралу» көркем фильмі көрермендерге осынысымен де құнды болса керек.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар