Мешіттің ақылдастар алқасы құрылды

Науан хазірет мешітінде күнделікті діни мәселелерді жамағатпен ақылдаса отырып шешу мақсатында ақылдастар алқасы құрылды.

Алқа құрамына өңірге ғана емес, елімізге есімі танымал Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Жанәділов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жабал Ерғалиев, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, Жақсы ауданының құрметті азаматы Ғабдісәләм Жоламанов, Ақмола облыстық Қарулы Күштер ардагерлері кеңесінің төрағасы Мұса Елеусізов және басқалары енгізілді.
Алғашқы басқосуда жергілікті зираттағы діни рәсімдерді тәртіпке келтіру мәселесі кеңінен қаралды. Соңғы уақытта жерлеу кезінде жөнсіз көріністер орын алып, осы бағыттағы жұмыстарды атқаратын серіктестік ойына келгенін істеп, дініміздің атына да кір келтіріп жүргені белгілі болып отыр. Ақылдастар алқасының мүшелері алдында хабарлама жасаған облыс имамы Қуаныш Сәбит зират мәселесіне орай өз пікірін ортаға салды. Ақмола облыстық дін істері басқармасының басшысы Болат Қасенов те елді алаңдатқан көп жайдың бетін ашты. Жалпы, зиратты қоршау, белгітас орнатуды біріздендіру, жолды асфальттау, жарық орнату сияқты мәселелерді шешу қажеттігі айтылды.
Жазушы Жабал Ерғалиев қабірлерді түгендеу мен тізімдеудің де маңызды екеніне назар аударды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар