Колледждегі тақырыптық кабинет

№7 агротехникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Шара барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда Қазақстанның экономикалық жетістіктерінің ықпалы да сөз болды. Колледж оқытушылары мен дәріс алушылары бағдарламаның маңыздылығына тоқталды. Достанбек Есжанов құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпақты патриотизмге, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге шақырды.

«Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылуына ауданның жергілікті атқарушы органдары мен мекемелерінің басшылары, колледж ұжымы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серғали Жүсіпов пен Қазақстан Республикасының әділет органдарының құрметті қызметкері Қымбат Әбдуахитова қатысты. Есімі аталған ардагерлер биылғы жылы Есіл ауданына 55 жыл және №7 агротехникалық колледжіне 60 жыл толғалы отырғанына байланысты естеліктерімен бөлісті.
Шараның басты тақырыбы да «Туған жер» бағдарламасын және кіші Отан тарихын зерделеу мақсатында жас ұрпаққа рухани тәлім-тәрбие беру болатын. Қатысушылар білім алушылардың «кіші Отан» терминінің мағынасы туралы және болашақта жас ұрпақты көз алдарына қалай елестететіні туралы сұрақтарына жауап берді.
Қорытынды сөз сөйлеген Лариса Клименко қатысушыларға алғысын білдіріп, «Рухани жаңғыру» кабинеті колледждің кітапханасында орналасқандығын және олар бір-бірін толықтырып, қосымша ақпарат көздеріне айналатынына әрі онлайн режимінде мағлұматтар алуға мүмкіндік беретініне тоқталды.
Мұндай игі іс-шаралар колледждің студенттері мен оқытушылары арасында ғана емес, жұртшылық арасында да сұранысқа ие екендігі анық байқала түсті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар