Жас суретшілер байқауы

Шығармашылықпен айналысатын дарынды балалармен жұмыс жасау жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының базасында өткізілген «Бояулар құпиясы» биенналесі жас суретшілердің есінде жарқын түсті бояуларымен, сөз жетпес әсерімен сақталатын болды.

Шараға облысымыздың 14 ауданынан және Астана, Степногорск, Көкшетау қалаларынан келген 10-18 жас аралығындағы 100 бала қатысты, – деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.
Қазақстан Республикасы Суретшілер және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшелерінен, жоғары оқу орындарының мұғалімдерінен құрылған кәсіби қазылар алқасы үш жас деңгейінде жіктелген
топтардан жеңімпаздарды анықтады.
«Мақтанышым – менің Астанам» номинациясы бойынша көкшетаулық Шадияр Сегізбаева мен Анастасия Симоченко жеңіске жетті. Екінші орынды көкшетаулық Болат Рахат еншілесе, үшінші орынға Сандықтау ауданынан келген Дарья Мукопадова және қорғалжындық Нұрай Исманова ие болды.
«Рухани жаңғыру – жаңару жолы» номинациясы бойынша ең үздік болып зеренділік Эльмира Жексембина және көкшетаулық Айым Қосжан танылды. Осы номинацияда екінші және үшінші орынды Диана Саакиева, Кәмила Әбішева, Қайдар Нұрислам және Қамбар Сахидолла, Лолита Аушева қанжығаларына байлады.
Жеңімпаздар Алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар