Әлем таныған бастамалар ассамблеясы

Наталья Дементьева, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі

Қазақстан тәуелсіздік жылдары тағлымды жолдан өтіп, әлем назарын өзіне аударды. Мемлекет басшысы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев осынау ірі жетістікті халықтар достығымен, ел ішіндегі тұрақтылықпен байланыстырады. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауы көпұлтты мемлекетіміздің дамуына елеулі үлес қосқан отандастар тағдыры. Бұл ынтымақ ұйытқысына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының жарқын қызметімен де сабақтас. Осы орайда «Алғыс айту күнін» 1 наурызға белгілеу жөніндегі ұсынысты түсірген де аталған ұйым екендігін мақтан етеміз.
Мен Қазақстанның қарапайым қызы ретінде Отанымның гүлденуін өмірімнің басты мәні санаймын. Өз замандастарымыздың белсенді ұстаным иесі екендігін мақтан етемін. Өйткені, біз үнемі қозғалыстағы, ізгі тілектердегі елдің азаматтарымыз. Ақмола ассамблеясының мүшесі үнемі алда болуы қажет деп санаймын. «Нұр Отан» партиясының көп арналы жұмыстарының ортасында жүруге тырысамын. Қазіргі күні Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицейінің директоры деген жауапты қызметті атқарудамын.
Менің ата-анам үйіміздегі балалардың барлығына Отанды сүю, қазақ тілін құрметтеу сезімін ұялата білді. Өзім педагогикалық университеттің қазақ бөлімін бітірдім. Алғашқы еңбек жолым да мемлекеттік тілге қызмет етумен байланысты болды. Педагогтық жұмысымды облыстық телевидениедегі «Мың бір сөз», «Танымал», «Под единым шаныраком», «Ақ дастархан», «Мы научились!», «Живой родник» сияқты авторлық бағдарламалардың жүргізушілігімен жалғастырдым. Аталған бағдарламалардың барлығы мен үшін ыстық. Онда мемлекеттік тілді меңгеру, дәріптеумен бірге достық, бірлік идеялары кеңінен сөз болды. Ақмола облыстық ассамблеясымен бірлескен жоба қазіргі күні жаңа мазмұнмен көрермендердің көзайымына айналып отыр. Менің осындай қарапайым еңбегім бағаланып, жеті жерлесіммен бірге «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атануымның өзі ортақ үйіміздің шаңырағы биік, мақсаты асқақ екендігін көрсетеді.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар