Шашымызды қалай күтуге болады?

Шаш күтімі мен бас терісінің саулығы үшін жуу тәсілдері мен тұрақтылығы басты рөл атқарады. Оның маңыздылығы, біріншіден тазалық, екіншіден сырттан қараған адамға кірлеген шаш оның иесі жайлы да көп мәлімет береді.

Әрине, шашты кірлеген кезде жуу керек екендігін бес жасар бала да біледі. Бірақ, бас терісінің денсаулығы мен шашыңыздан ерте айырылып қалмас үшін қалай жуған дұрыс екендігін білгеннің артығы болмайды.
Зақымдалмаған, жұқармаған сау шаштар үшін – қазіргі уақытта жай ғана жуудың өзі жеткілікті күтім болып саналады. Жаздың күні 4-7 күнде бір (тершеңдігіңізге байланысты), қысты күні 2-3 күнде жусаңыз жетеді.
Ал, егер шашыңыз майлы болса, онда жазда да, қыста да жиі жумасаңыз, шаштың түрі бұзылады. Әсіресе, күнде шашыңызға гель, мусс, лак жағатын болсаңыз, күнде жууға тура келеді. Себебі, химиялық қоспаларды шашта ұзақ сақтау, шаштың түрін де, жағдайын да бұзады. Күнделікті жуу үшін сабын емес, жұмсақ арнайы шампунь қолдану керек. Қыста жиірек жуатын себебіңіз, бас киімнен шаштарыңыз дұрыс тыныс алып, желденбейді, сондықтан, теріден артық май бөлінетінін өзіміз де сеземіз.
Құрғақ шашқа шампунь жаққан дұрыс емес, алдымен жақсылап суды сіңдіріп, мұқият ылғалдау керек, содан кейін барып алақанға біршама шампунь құйып, бас терісіне уқалай жағамыз. Кемінде екі рет шашты шампуньмен көпіршіткен дұрыс, себебі, бірінші жуған кезіңізде, кір, шаң мен тері майының тек бір бөлігі ғана шайылады, ал, шампуннің емдік қасиеті тек екінші рет жуғанда ғана дариды екен. Шашты шайғанда таза сумен шайып, шашта шампунь қалдықтары, көпіршіктері қалмауын міндетті түрде қадағалағанымыз дұрыс.
Қазіргі кезде шаш күтуге арналған қосымша құралдар өте көп. Арнайы бальзамдар бар, шашты азықтандыратын маскалар бар. Бұдан сіз душқа барарда шашыңызды баптау үшін сағаттап айнаның алдында басыңызды көпіршік, гель, маска жақсын деген сөз емес.
Қайта бар болғаны, шаш түссе немесе жұқарса, тері дәрігеріне болмаса өзіңіз барып жүрген шаштараздың ақылына сүйенген дұрыс. Дәрігер сіздің бас теріңіздің жағдайын түзесе, шаштараз жұқарған, майлы шаштарды баптайтын заманауи құралдардан хабардар ететінін есіңізден шығармаңыз.

Дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар