Ер еңбегі – ел бақыты

Мемлекет басшысы съезде әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену тұрғысында жаңа міндеттерді саралап өтті. Осы орайда, жаһандық сын-қатерлерге қуатты тойтарыс беру керектігін айтып, бес институционалдық реформа ұсынды.

Өз басым бұл – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың  жолы деп түсінемін. Соған бір адамдай жұмылуымыз керек. Қазір жер-жерде    Елбасының ел игілігі жолындағы еңбегіне жоғары баға берілуде. Әрине, Ұлт Көшбасшысы үшін өз халқының мұндай сеніміне ие болудан асқан бақыт  жоқ. Съезд делегаттары «Нұр Отан» партиясынан Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы қаулы қабылдады. Елбасы алдағы сайлауға осы партиядан президенттікке кандидат ретінде түсуге келісімін берді. Сайлауда Тұңғыш Президентімізге қазақстандықтар бірауыздан дауыс беретініне сенімім мол. Өйткені, Мемлекет басшысының тәуелсіз қазақ елінің қалыптасуы және нығаюы жолында атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Тәуелсіз еліміздің терезесін өзге мемлекеттермен теңестіруінің өзі неге тұрады. Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстанда жүзден аса ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму жолындамыз.
Сондықтан, мұндай Президентіміз алдағы сайлауда жеңіп шығатынына еш шүбә келтірмеймін.
Амангелді КАМЕЛИНОВ,
Бұланды аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар