Төтенше жағдайлар кезінде өтініштерді тіркеудің өз тәртібі бар

Қазіргі уақытта Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінде азаматтардың төтенше жағдайлар туралы өтініштері, арыз-шағымдары мен хабарламаларын тіркеуге және есепке алуға зор көңіл бөлінеді.

Төтенше жағдайлар туралы өтініштер, арыз-шағымдар мен хабарламаларды азаматтық қорғаудың аумақтық органдарында қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйегіндегі «Арыз-шағымдарды, хабарламаларды немесе қылмыстық құқық бұзушылық туралы рапортты қабылдау мен тіркеу Ережелерін бекіту, сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеулердің Бірыңғай реестрін жүргізу туралы Ережелерді бекіту туралы» бұйрығымен белгіленеді.
Айталық, департаменттің және оның аумақтық құрылымдарының «Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрі» ақпараттарын есепке алу кітабында 3739 ақпарат тіркелген, оның 2236-ы номенклатуралық іс (наряд) бойынша есептен шығарылған, 129-ы әкімшіліктік жауапкершілікке тартуға, 48-і аумақтарда қарауға жолданса, 1278-і ведомстволық ерекшелігі бойынша ішкі істер органдарына жолданған және 48-і ақпараттарды есепке алу кітабына қоса тігілген.
Төтенше жағдайлар туралы өтініштер, арыз-шағымдар мен хабарламалар түскен жағдайда азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері дереу оларды «Сотқа дейінгі тергеуді бірыңғай тіркеудің ақпараттарды есепке алу» кітабына тіркейді. Аталған материалдар бойынша өтінішті, арыз-шағымды немесе хабарламаны алған сәттен бастап 24 сағаттың ішінде шешім қабылданады. Мұндай шешімге нөмірі мен уақыты көрсетіле отырып, әкімшіліктік іс қозғау туралы өтініш, арыз-шағым немесе хабарламаны қызмет ретімен жолдау немесе хабарлау және номенклатуралық іске есептен шығару туралы қаулы жатқызылады.
Төтенше жағдайлар туралы өтініштер, арыз-шағымдар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау тәртібін тұрғындарға түсіндіру үшін азаматтық қорғау органдарында халықтың қолы жететін орындарда құқық бұзушылықтар мен орын алған оқиғалар туралы өтініштер, арыз-шағымдар мен хабарламаларды және басқа да ақпараттарды қабылдау ережелері ілулі тұрады.
Бұған қоса, кез-келген азамат өзінің өтініші немесе арыз-шағымымен азаматтық қорғаудың кез-келген органының басшысына хабарласуына немесе жеке жолығуына болады.
Ерболат ӘШКЕНОВ,
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар
департаментінің бас маманы,
азаматтық қорғау капитаны.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар