«Жарқын болашақтың» жеңімпаздары

Ақмола облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім – Инновация» лицей-интернатында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі болып өтті.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға 17 ауданнан 81 оқушы, Степногорск және Көкшетау қаласының мектептерінен 15 оқушы және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттардан 19 оқушы, барлығы 115 оқушы қатысты. Олимпиада 5 бағыт бойынша өтті. Атап айтсақ, «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар», «Жазушылар», «Жас ғалымдар» бағытында бағын сынаған оқушыларды отансүйгіштік, ерлік, қаhармандық рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру білім байқауының басты мақсатының бірі болып табылады.
«Жүзден жүйрік озады жарысқанда» демекші, қазылар алқасының ұйғарымымен «Тілші-әдебиетшілер» бағытында Ақкөл ауданы Искра орта мектебінің 11-сынып оқушысы Баймұрат Нұртілеу мен Көкшетау қаласындағы гуманитарлық-техникалық лицейінің 11-сынып оқушысы Ангелина Бондарь жүлделі 1 орыннан көрінді. Ал, «Сөз шеберлері» аталымында Зеренді
ауданына қарасты Садовый орта мектебінің 10-сынып оқушысы Алина Мороз, «Әнші-бұлбұлдар» тобында Жақсы ауданындағы №1 Жақсы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Алтын Зиядова, «Жас ғалымдар» аталымында Көкшетау қаласындағы №3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Әйгерім Айтуған, «Жазушылар» тобында Көкшетау қаласындағы №3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Үсен Серікбай осындай марапатқа ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. Байқау жеңімпаздарына облыстық білім басқармасының дипломдары мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

Әйгерім ӘДІЛБЕКОВА,
өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар