«Көкшетау» мәдениет сарайында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына және қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 135 жыл толуы құрметіне арналып «Жас батыр-2018» байқауы өткізілді.

Ер балалардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған бұл шараға облыс орталығындағы мектептердің он мен он екі жасқа дейінгі оқушылары қатысып, өзара сынға түсті. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныс-тырды. «Астана – менің шабытым» атты екінші кезеңде ән айтып, би биледі. «Қажымұқан – менің қаһарманым» атты сайыста спорттың түр-түрінен өз өнерлерін көрсетті. Байқаудың қорытындысы бо-йынша Краснояр №1 орта мектебінің оқушысы Бек Нұрсұлтан бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, 17-ші,18-ші,12-ші және 3-ші орта мектептерде оқитын Таймыс Сандияр, Әнуарбек Мансұр,
Ахмедов Мадияр, Құсайын Альтаир екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар