Он бір үміткер тіркелді

Биылғы жылдың 25-ші наурызында Астрахан, Целиноград және Біржан сал аудандарында мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Науқанға дайындық барысы туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистердің қатысуымен өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділхан Шаяхметов баяндады.

Сайлау комиссиясының төрағасының айтуынша, сайлауға дайындық шаралары мен оны өткізуге облыстық, үш аумақтық, үш округтік және тоғыз учаскелік сайлау комиссиясы тартылған. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерді тіркеу облыстық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 6 ақпандағы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Барлық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары туралы мәліметтер (орналасқан жері, телефоны, сайлау комиссиясының құрамы, округ шекарасы) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 2018 жылдың 9 наурызынан бастап, азаматтардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан сайлау учаскелерінде учаскелік сайлау комиссиясы тұрғындарға сайлаушылардың тізімін танысуға ұсынады.
– Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну белгілі тәртіп бойынша тіркелген республикалық және жергілікті қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ, құрылымдық бөлімшелер және азаматтардың өзін-өзі ұсынуы арқылы жүргізіледі. Үш округ бойынша 11 үміткер депутаттыққа ұсынылды, – деп түсіндірді Әділхан Шаяхметов.
Әр сайлау округі бойынша сайлау бюллетендеріне үш үміткер енгізіледі. Әр үміткердің сайлаушылармен кездесу кестесі келісілді. Үміткермен және оның сенімді тұлғасымен өткізілетін сайлауалды үгіт жұмыстары 2018 жылдың 24 наурызында түнгі сағат 00:00-де аяқталады. Брифинг соңында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы журналистердің сауалдарына жауап берді.
Аслан НЫҒМЕТЖАНҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар