Күнтізбеде Тұтынушылар күні бар

«Ақмола Медиа Орталығында» 15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылар күніне байланысты брифинг өткізілді. Онда облыстық тұтынушылар құқын қорғау департаментінің басшысы Қайрат Баймұханов осы атаулы дата жөнінде журналистермен  ой бөлісті.

Бұл күн 1983 жылы белгіленген. Осыған орай, Тұтынушылар күні әлемде түрлі іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған.
Басшының мәлімдеуінше, биылдың өзінде облыс бойынша 170-тен астам адам өз құқықтарын қорғап, департамент көмегіне жүгінген. Мәселен, бағасы 120 мың теңгеге түскен пластикалық терезеге көңілі толмаған тұтынушыға терезелері ауыстырылып берілсе, бірқатар тұтынушылар басқармаға хабарласқаннан кейін сапасыз немесе ақаулы тұрмыстық бұйымдарды сауда орындарына қайтарып берген немесе жаңасына ауыстырып алған көрінеді.   
Брифингте биыл шеттен келген 41 азық-түлік  өнімінің 24-і Кеден одағының техникалық регламенттеріне және гигиеналық талаптарға сай келмегендігі айтылды. Олардың қатарында кондитерлік өнімдер, тәтті   сусындар да бар. Сондықтан, тұтынушылардың кез келген
тауарды сатып аларда қырағы болғандары жөн.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар