Игілігін көреміз

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлеуметтік бес бастамасы көгілдір көктеммен бірге жұртшылық көңіліне ізгілік шуағын ала келген қуанышты оқиға деп санаймыз. Маңызды Үндеудің Парламент пен Үкіметтің бірлескен отырысында жариялануы жан-жақты талқыланып, есеп-қисабы нақтыланғанымен құнды.

Осынау бес бастаманы халқымыз көптен күтіп жүр еді. Жүрегімізге сенім ұялады, мемлекетіміздің қуаттанғанына қуандық. Баспана салудан еліміз 2017 жылы рекордтық көрсеткішке жетті. Біздің Көкшетау нағыз құрылыс алаңына айналып, сәулетті үйлер қала сәнін аша түсті. Қоныс тойлар көбейді. Жай ғана үйлер емес, тұрмысқа барынша қолайлы пәтерлер тұрғызылғаны қандай жақсы.
Бірақ, бұл пәтерлердің кілті аспанда демесек те, әркімнің қолы жете бермейтіндігін көріп жүрміз. Әсіресе, жастар жағы қиналып бара жатқан. Енді міне үміт оты қайта жанып, армандаған үйлердің есігі жақындай түскендей. Президенттің «7-20-25» бағдарламасы бұл бағыттағы аса маңызды қадам болатыны анық. Ол несие шарттарының жеңілдеуінен де көрініс береді. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады. Сондай-ақ, қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады.
Қазірдің өзінде мен танитын жастардың барлығы «Президенттің бес әлеуметтік бас-
тамасын» қызу талқылап, қуана қолдап жатқанын білемін. Жүздері жадырап, өз есептерін пысықтап, екінші деңгейдегі банкілерге таңдау жасап жатқандары бар. Осындай қолдауға ие болған азаматтарымыз көңілдері көтеріліп, қоғамдық қатынастардағы белсенділігін арттыра түсетініне сенімдімін. Мемлекеттік саясаттың пәрменділігі, болашақ қадамдарымыздың беріктігі нығая беретініне ризамыз.

Кеңесбек БЕКТАС,
кәсіпкер, Көкшетау қаласының
құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар