Депутаттар қолдауы белсенділікпен айқындалады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі ел рухын көтерген, сенімін нығайтқан, шынайы жанашырлықты сезіндірген зор серпіліс болды.

Елбасы «Ортақ үйіміз – Қазақстан» идея-сын жаңа құндылықтармен толықтыруға шақырды. Ерекше бір айта кететін жағдай, бүгінде қоғамдық құндылықтар барынша нығайып, түрлене түсуде.
Халықты қашанда толғандыратын ең өзекті мәселелер санатындағы білім, шағын кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік қорғау және тұрғын үймен қамтамасыз ету тәрізді маңызды салалар Елбасының басты назарында екендігі белгілі. Осы бастамалардың қай-қайсысы болмасын көпшілікті толғандырып жүрген жайлар. Баспана мәселесі қашанда өзекті екендігі белгілі. Елімізде тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде қыруар игілікті іс атқарылып жатса да, облыстық мәслихаттың депутаттарына сайлаушылардан түскен барлық өтініштердің 10 пайызынан астамы осы мәселеге байланысты.
Мемлекет басшысының шағын
несие көлемін ұлғайтып, кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдауды күшейту туралы тапсырмасы бұл саланың қарқынды дамуына зор серпін берері сөзсіз. Салыққа қатысты өзгерістер халықтың тұрмысын жақсартып және аз жалақы алатын адамдарға демеу болатындығы даусыз. Біздің аймақта шамамен алғанда материалдық жағдайын түзетуді қажет ететін 250 мың адам бар.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Үндеуінде студент жастардың да жағдайын жақсарту, білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру белгіленген. Осындай қамқорлықтың арқасында жас толқын өмірден өз орындарын тауып, мамандық иесі бола алады. Бұл жай жалғыз жастар үшін ғана емес, солардың тілегін тілеп отырған ата-аналар үшін де үлкен қуаныш. Мемлекеттің қамқорлығын сезінген жас-тар еліміздің дамуына өз бойларындағы күш-жігерлерін, жастық жалындарын аямай жұмсап, үлес қосатындары белгілі. Мыңдаған жаңа маманды даярлауға мүмкіндік тудырылуымен бірге жұмыссыз жүрген азаматтарға да жаңа жұмыс орындары ашылуының арқасында үлкен мүмкіндік туғызылады.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында берілетін шағын несие өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 миллиард теңгеге көбейеді. Нәтижесінде шағын
несие алатындардың саны артып, экономика саласы дами түседі. 2017 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде 6 мыңнан аса жұмыс орындары ашылды. Бастама мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік тудыратындығымен маңызды, әсіресе, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікпен айналысамын дегендерге мүмкіндік тудырылып отыр.
Президент елдегі газификацияны дамыту бағытында аса маңызды міндет жүктеп отыр. Көгілдір отынға көшу халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартып, қоршаған ортаға деген қамқорлық деп ұғуымыз керек. Облыстық мәслихаттың депутаттары экология мәселесін ұдайы көтеріп жүр. Енді Үндеуден туындайтын міндет межесінен табылған кезде табиғатымыз саф күйінде сақталатын болады.
Осы жайларды ой елегінен өткізе келе, ел қамын ойлаған бастамалар жүйесі елге жасалып жатқан шынайы қамқорлық дер едім. Осы аталған 5 бастаманы іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы ел экономикасының әрі қарай дамуына кең жол ашады. Аталған тапсырмаларды мүлтіксіз орындау баршамыздың азаматтық борышымыз. Президент саясатын толық қуаттай отырып, облыстық мәслихаттың депутаттары өз жұмысын тиімді ұйымдастыруға күш жұмсайтынына сенімдімін.

Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының
хатшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар