Жауапкершілік – басты қағида

Ақмола облыстық сотында облыстық соттың отставкадағы судьясы, Ақмола облыстық сотының соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы Темірхан Қасымовтың төрағалығымен осы кеңестің отырысы болып өтті. Ақмола облыстық сотында облыстық соттың отставкадағы судьясы, Ақмола облыстық сотының соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы Темірхан Қасымовтың төрағалығымен осы кеңестің отырысы болып өтті.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Нәби Пазылов қатысты. Отырыста алдымен кеңестің жаңа мүшелері: облыстық соттың отставкадағы судьясы Мейрам Ғибаділов, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Валентина Геращенко таныстырылды. Одан әрі жұмысқа кіріскен кеңес отырысында Жоғарғы Сот Кеңесі жариялаған конкурсқа қатысуға жіберілген судьялардың қызметіне және  адамгершілік болмысына баға берілді. Бұл сыннан барлығы 20 судья өтті. Олардың ішінде облыстық соттың судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьялары бар. Сондай-ақ, заң қызметін көрсететін жеке кәсіпкер де осы конкурсқа қатысуға жіберілгендіктен, кеңес мүшелері алдында осындай сынақтан өтті.
Отырыс барысында еліміз бойынша сот жүйесіндегі судьялардың және төрағалардың бос лауазымды орындарына үміткерлердің өмір және еңбек жолдары таныстырылып, түрлі сауалдар қойылды. Олардың қызметіне, жеке басының қадір-қасиетіне баға беріле келіп, кеңес мүшелерінің сарабынан өту-өтпеуі дауыс беру арқылы шешілді.
Кеңес жұмысы барысында байқалған бір жай, кей судьялар қазіргі қызметінде бірер жыл ғана істеп жүргендігіне қарамастан, жаңа жерлерге ұмтылады. Біразы отбасы жағдайын сылтауратып, Астанаға немесе өздерінің туған өңірлеріне ауысуға әуес. Жұбайым, ата-анам, не балам сол жақта, мен мына жақтамын дегенді айтады. Мұндай жағдайда олардың орнығып жұмыс істемейтіні, ойы басқада болатыны көрініп тұр. Бұл осы кеңес отырысы үстінде көңілге түйген, жекелеген судьяларға қарата айтылып жатқан пікіріміз. Әрине, Елбасы өз Жарлығымен тағайындайтын судьялардың осы жауапкершілікті терең сезініп, бір жерде ауыз толтырып айтатындай белгілі бір уақыт тапжылмай жұмыс істесе, оның қоғамға, сот жүйесіне де берері мол болатындығы айқын. Өкінішке орай, қазіргі қолданыстағы заңда бұл жағы нақты көрсетілмеген. Мысал үшін, аудандық не қалалық сотта екі жыл жұмыс істеген судьяның басқа жерлердегі судья лауазымдарына өтініш беруіне құқы бар. Бұл сот жүйесіндегі кадрлардың ауысып-түйісе берулеріне алып келетіні анық.
Мұндай жағдайларды мәжіліске қатысып отырған Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Нәби Әлиақпарұлы Пазылов та жоққа шығармады. Сонымен бірге, отырыс барысында судья деген лауазымның жауапкершілігін тереңнен сезініп, өзі ұйғарылған орында біліктілікпен, жылдап жұмыс істеп жатқан судьяларға ризашылықпен қарайсың. Кеңес жұмысына қатыса келе, ондай сот қайраткерлерінің де көп екендігіне айқын көз жетті.
Кеңес мүшелерінің берген бағалары мен қабылдаған шешімдері қоғамдық сипатта болғанымен, еліміз бен облысымыздағы судьялар корпусының осындай сынақтан кейін өз-өздеріне сын көзбен қарап, жауапкершіліктерін бір мысқал болсын арттыра түсетініне сенім мол.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар