Маңызды меморандум

Облыстық әкімдіктің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығы жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл құжатқа қол қою рәсімі орталық басшысы Әлібек Баймағамбетов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев, Көкше академиясының ректоры Шоқан Қасым мен ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының бастығы Сырым Шәріпхановтың арасында жүзеге асырылды.
Орталық басшысының айтуынша, бұл меморандум мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін  арттыруда Елбасы қойып отырған өскелең талаптардың үдесінен шығуға септігін тигізбекші.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар